{metadescription}
Петропавл: Қызыл су
Петропавл: Қызыл су

Петропавл: Қызыл су

Теріскейде тасқынның екінші толқыны Петропавл қаласына  қауіпсіз болуы мүмкін екені айтыла бастады. Өйткені Сергеевка су қоймасында бір тәуліктің ішініде су деңгейі тек 18 сантиметрге  көтерілген. Бұл бірінші толқынмен салыстарғанда бес есеге аз. Оның үстіне тасқын шайып өткен жерлердегі қызыл су күрт азая бастаған. Қызылжардағы тасқынның қарқыны мен қаланың оған дайындығы жайлы:

Петропавл қаласы маңындағы Есіл өзеніндегі  су деңгейі 30 сантиметрге дейін төмендеді. Су басқан аудандардағы жағдай да күрт өзгерген. Пестрое өзені жағасындағы «Северная звезда» саяжайындағы судың жартысы ағып кеткен. Қаладан Южный бекетінен Астанаға шығатын тас жол да ашылған. Бұл маңда бірер күн бұрын тасқын су деңгейі жол үстінен бір метрге дейін көтерілген.

Кирилл Иванников, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы 

Петропавл қаласына көбейіп келіп жатқан су уақыт өте азаяды деп отырмыз. Кешелі бері су деңгейі 27 сантиметрге дейін түсті. Сонымен қатар  Есіл өзені бойындағы ауылдарда қойылған гидробекетердегі су көлемі де азайып жатыр.   

Дегенмен өңірде үш мыңға тарта үй су астында жатыр. Ондай үйлер, әсіресе,  қала маңындағы Қызылжар ауданында көп. Қызыл су алдымен кірген аудандарда келген шығынды есептеу басталып кетті. Тасқыннан зардап шеккендер бір реттік көмек, 370 мың теңгеден ала бастады. Қаржыгерлердің болжауынша өтемақы ретінде 1 миллиард теңгеден астам ақша төленеді.

Ринат Елжасов, СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Қазірге дейін бізге Петропавлдің төтенше жағдай режимі жарияланған аудандарынан екі мыңнан астам отбасы хабарласты. Оның бір мыңнан астамына 400 миллион теңгеге әлеуметтік көмек берілді. Жағдайға қарай көмек көрсетуге қосымша қаражат бөлініп жатыр.

Саяжайдағылар да шет қалмайды. Петропавл айналасында бес мыңға жуық саяжай үйлері бар. Олардың барлығы суда қалған.

Наталья Дышкант, СҚО қаржы басқармасының басшысы: 

Бүгінгі таңда заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Баспаналарында тұрақты түрде тұрып келгендерге,  жалғыз баспанасы барларға немесе тұрғын үй қорында тіркелген баспаналар үшін өтемақы төленеді. Қала бойынша саяжайларда тұрақты тұрып келген 75 отбасыға 27 миллион 690 мың теңге төленеді. 

Тасқын шайған мыңнан аса үй иелері осы айдың басынан коммуналдық төлемдерден толық босатылды. Ал мамандардың болжамы жақсы болғанына қарамастан, қалада екінші толқынға дайындық жалғастырып жатыр. Оның шарықтау шегі шамамен 7-10 күннен кейін болады делініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.