Орал: Қызыл су
Батыс Қазақстан облысында тасқын қаупі сейілмей тұр. Жайық өзені бір тәулік ішінде 38 сантиметрге көтерілген. Мамандар алдағы күндері судың деңгейі тағы да артуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан негізгі күш қоршауларды барынша биіктетуге жұмылдырылған. Ал, өзен бойындағы саяжай елді мекені әлі де су астында жатыр. Қазір апат аймағына еліміздің әр өңірінен еріктілер көмекке келуде.
Автор: Сәбит Әлдебай
18.04.2024
Қазір Жайық өзені бойындағы мыңнан астам үй су астында жатыр. Табиғи апаттың салдырымен күресіп жатқан жергілікті билік үйлердің шатырына дейін бойлап кеткен аумаққа көмек көрсетудің амалын қарастыруда. Ал, елді мекен тұрғындары қайықпен келіп, аман қалған үй жануарларын әкетуге тырысуда. Ал, бүлінбеген дүниелерді шығару үшін тұрғындарға үлкен судың кетуін күтуден басқа амал жоқ. Қазір табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға еліміздің әр өңірінен гуманитарлық көмек пен адам күші үздіксіз келіп жатыр.
Салауат Көшербаев, саяжай тұрғыны:
— Шымкенттің, Қызылорданың жігіттері келіп көмектесіп жатыр. Көп көп рахмет! Ит- мысықтарды, төсек орындарды, тоңазытқыш, электр заттарды төбеден шығардық. Күн сайын шығарамыз, әлі шығарамыз, кісілілер келеді деген.
Тасқынмен күресуге өңірдегі күш құрылымдары мен еріктілерден 6 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Өзге өңірлерден үш мың әскери қызметкер тартылды. Арасында бір айдан бері үй бетін көрмей жүргендер бар. Мәселен, қызылордалық қызметкерлер су басқан үш өңірде құтқару жұмыстарына атсалысқан. Қазір олар тұрғындарды эвакуациялау мен қоршау тұрғызуға тартылуда.
Бейбітхан Спанов, Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы:
— 14 сәуірден бастап Орал қаласында қызмет етіп жатырмыз. Қазір Қызылорда облысынан келген екі топ, 68 жеке құрам, алты техника қызмет істеуде. «Апат айтып келмейді» дейді, дегенмен қауіпті сейілту мақсатында тұрғындардың құнды заттарын шығарумен айналысып жатырмыз.
Ал баспанасыз қалып жан сауғалап кеткен тұрғындар мемлекеттен жардәмақы алу үшін өтініш бере бастады. Бүгінге дейін мыңға жуық тұрғынға бірреттік жәрдемақы берілген. Қазір зардап шеккен аймаққа Үкіметтен 300 млн теңге қаражат бөлінді. Ал арнайы құрылған комиссия тұрғындарға өтемақы нарық бағасына сай белгілінеді дейді.
Аймақ атқамінерлері үйсіз қалған азаматтарға құны 22 млн теңге тұратын 80 шаршы метрлік жаңа үй салынатынын жеткізді.
Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО әкімінің орынбасары:
— Облыс бойынша 380 үй жарамсыз деп шығарып тұрық. Алдын ала есеппен. Құлаған үйлердің бәріне үй салынады. Үй салардың алдында елдімекеннің жалпы топографиясын лық өлшеуіміз керек. Зерттеп, тиісті құзырлы мекемелердің қорытындысын алған соң ғана үй ып салынады.
Қазір су астында қалған саяжайларда шығын толық есептелмеген. Жергілікті билік бұл елдімекен тұрғындарына басқа аумақтан үй тұрғызылуы мүмкін екенін айтады.
Ал қазір Жайықтағы судың деңгейі 781 сантиметрге жетті. Мамандар судың көп келетін кезі әлі алда деген болжам бар дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!