Қызыл су
Су тасқыны басталғалы 117 мыңнан аса адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 44 мыңы — бала. Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған соңғы мәлімет осындай.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.04.2024
Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар 113 мыңнан аса мал қауіпсіз жерге айдалыпты. Жалпы бүгінге дейін апат аймағында 10 миллионнан астам текше метр қарғын су сорғызылған. Төтеншеліктер миллиондаған қапшық пен инертті материалдарды тонналап төсеп, 4 мыңнан аса тұрғын үйді су кіруден сақтап қалыпты. Қардың күрт еруінен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысындағы сегіз жолды су басқан. «ҚазАвтоЖол» бес өңірде көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді. Қазір республикалық маңызы бар 12 жол жабық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!