{metadescription}
Тасқын: Көмек өтелмеген қарыз үшін ұсталып қалмауы керек
Тасқын: Көмек өтелмеген қарыз үшін ұсталып қалмауы керек

Тасқын: Көмек өтелмеген қарыз үшін ұсталып қалмауы керек

Тасқыннан зардап шеккендерге берілген бірреттік көмек өтелмеген қарыз үшін ұсталып қалмауы керек. Бұл мәселеге сенаторлар алаңдап отыр. Үкімет басшысына жолдаған сауалында Әсем Рахметова шығынды өтеу қағидаларын да қайта қарауды ұсынды.

Әсем Рахметова, Сенат депутаты:

Су басқан елдімекендердегі үйлерде жалға тұрып жатқандар мемлекеттен берілетін бір жолғы өтемақыға қол жеткізе алмайды. Тағы бір мәселе есеп шоттары бұғатталған тұрғындарға берілетін бір жолғы өтемақы банктер тарапынан кредиттік қарызды жабуға ұсталып қалуда. Үйлері суда тұрған, өздері эвакуациялық пунктерде бас сауғалаған тұрғындар осы мәселелердің оң шешімін күтуде.

Бұл мәселелерді шешу үшін депутат шоттары бұғатталған тұрғындар үшін арнайы шот ашуды ұсынды. Ал тағы бір сенаторды тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі орта мектеп түлектерінің ҰБТ-ға әзірлігі алаңдатып отыр. Оқушылардың онлайн оқуға ауысуына байланысты олардың алдағы тестке дайындық сапасы нашарлап, грантқа қол жеткізе алмай қалуы мүмкін дейді Ғалиасқар Сарыбаев.

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:

Төтенше жағдайда әдетте оқу процесіне қатысты іс қағаздардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың жоғалуына әкеледі. Осыған байланысты уәкілетті министрліктер түлектердің құжаттарын тезірек қалпына келтіруге жәрдемдесу қажет. Себебі бүгінгі күні оқудың бітуіне бар болғаны 38 күн қалды. Ал төтенше жағдайда қалған қанша баланың оқуды бітіретіні әлі анықталмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде