{metadescription}
Ақтөбеде жалақы дауы
Ақтөбеде жалақы дауы

Ақтөбеде жалақы дауы

Ақтөбе облысында Шалқар көлін тазартқан жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Елуден аса адам бұдан бөлек Бозой бағытындағы жол құрылысында да еңбек еткен. Бірақ жаңа жылға жетпей бір тиын бермей қойды деп ашынады.

Мұхтар Досанов, Шалқар қаласының тұрғыны:

2023 жылдың қарашасынан бастап, биылдың наурызына дейін айлық алған жоқпыз. Кредитіміз бар. Бермеген соң келіп тұрмыз. 

Айгүл Бекмағанбетова, Бегімбет ауылының тұрғыны: 

Отырмыз ғой, айлығымыз жоқ. Көршілерімізден ақша сұрап, жолақымызды әрең тауып отырмыз. Балам колледжде оқиды. Бәрін айттым ,түсіндіріп. Менде жасыратын ештеңе жоқ. Алланың жолында жұрміз, пендеміз. Қазақша да айттым. Бізді осыған жеткізіп отыр ғой. Жылап та айттық, құлап та айттық. Қайда? Бермейді.

«Гидросервис Актобе» компаниясындағы айлығын даулаған жұмысшылардың бәрі Шалқар ауданының тұрғындары. Туған жерлеріндегі көлдің батпағын тазартып, осы уақытқа дейін күні-түні жұмыс істеген. Ал «Гидросервис Актобе»  басшысы екі жарым миллиардттық тендерді ұтқан Tolagai-2050 фирмасы ақша аудармай қойғанын айтты. «Екі ортада еңбегіміздің ақысын ала алмай біз жүрміз» деп ашынады жұмысшылар. Олар еңбек инспекциясынан бастап, сотқа да жүгінген. Әзірге қолына тиген бір тиын жоқ. Еңбек инспекторлары сот орындаушылары арқылы өндіріп береміз деп уәде етеді. Бірақ нақты уақытын айтпайды.

Талғат Исқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

Нұсқама бердік. Айыппұл салдық. Енді материалдардың бәрі жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Не себептен орындалмай жатқанын айта алмаймын. Бір жағында  қаржы қиындығы дейді, қаражаттың болмауынан ақшасын төлей алмай отырмыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде