{metadescription}
Шымкент: Биіктен құлады
Шымкент: Биіктен құлады

Шымкент: Биіктен құлады

Шымкентте 11 жасар қыз қараусыз қалған ғимараттан құлап кетті. Бірталай жылдан бері қаңырап тұрған гидролиз зауытына ол құрбыларымен ойнауға барып, үшінші қабаттан құлаған.

Биіктен құлдилаған жеткіншек шашылып жатқан кірпіштердің үстіне түсіпті. Қыздың құлағанын көрген жанындағы қос құрбысы ересектерге айтуға жүгірген. Тез жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер есінен танып, көп қан жоғалтқан қызды ауруханаға жеткізді. Аяғы сынып, басы жарылған оқушыға ота жасалынды.

Ал қараусыз тұрған бес қабатты ғимараттың күзеті күшейтілетін болды. Дәрігерлер қыздың беті бері қарағанын айтады.

Ержан Байдуллаев, Шымкент балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

 Аяғындағы жарақатына ашық түрде ота жасалынды саны сынған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде