{metadescription}
Ақтөбе: Аялдамадағы апат
Ақтөбе: Аялдамадағы апат

Ақтөбе: Аялдамадағы апат

Ақтөбеде жарнама қалқаны үш әйелдің үстіне құлады. Аялдаманың төбесіне тақтайшаны орнатып жатқан жұмысшылар шыны конструкцияны сындырып алған. Ол автобус күтіп отырған жолаушылардың басына түсіпті.

Қоғамдық көлік күтіп тұрған кісілердің басына әйнек шатыр құлағанда шошынып қалған. Шынылары терісін жырып, сол жерде қанжоса болады. Аялдама төбесіне жарнама тақтайшасын орнатпақшы болған компанияға қатысты тәпртіп сақшылары іс қозғады. Қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жазаға тартамыз деп отыр. Ал жарақат алған үш әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер жырылған терілерін тіккен.

Бағлан Рахметов, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:

Үш науқас жарақат бөлімшесіне түсті. Үш науқастың айтуы бойынша аялдамада отырғанда желден темір, әйнек ұшып келіп басына тиген. Терісінде жара, ашық жаралар болды, соны тігіп, үйіне, тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық емге жібердік. Үшіншісі тек басында еті ауырып кеткен, ондай қатты ауру болған жоқ. Үшеуі де амбулаториялық емге жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде