{metadescription}
Алматыда лай көшті
Алматыда лай көшті

Алматыда лай көшті

Алматыда тағы да лай көшкіні жүрді. Бес текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып тастаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері көшкін 60 шаршы метрге жайылғанын айтады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. "Қазселденқорғау" мекемесінің тарапынан жолды тазалау жұмыстарын жүргізу үшін техника жұмылдырылды.

Қазір жолдар ашық. Лай көшкіні соңғы күндердегі ауа райының күрт құбылып, жауын-шашынның мол түсуінен жүрген. Төтеншеліктер таулы аймақтарда әлі де көшкін жүруі мүмкін екенін ескертеді. Дегенмен мамандар жан-жақты мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Әлішер Тоқтасын, “Қазселденқорғау” ММ Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы:

Лай көшкінінен жапа шеккен ешкім жоқ. Жолды тазалауға «Қазселденқорғау» мемелекеттік мекемесінен бір арнайы техника жұмылдырылды және қазір жол ашық.Тазаланды. Бұл сырғыманың болу себебі: соңғы күндері жауған жауын-шашын көп болды. Жауын-шашын әсерінен топырақ шамадан тыс ылғалданған. Алдағы уақытта да осындай жауын-шашын әсерінен лай көшкіні күтіледі. Таулы аймақтарда сырғыма қаупі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде