Бензин бағасы өсті
Елімізде бір жылдың ішінде бензин құны 14 пайызға, дизель 15 пайызға өскен. Energyprom сарапшыларының мәліметінше, баға жанармай өндірісінің ұлғаюына қарамастан көтеріліпті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.04.2024
Мәселен, биыл елімізде 900 мыңға жуық тонна бензин шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш пайызға көбірек. Дизель өндірісі де 6алты пайызға өсіпті. Яғни мұнай өңдеу зауыттары биыл ішкі нарықты жанармаймен толықтай қамтамасыз еткен. Алайда бағаның түсетін түрі жоқ. Қымбатшылық көшін, әдеттегідей, Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанада бензин бағасы бір жылда 15 жарым пайызға өскен. Мұнай өңдеу зауыты бар Атыраудың өзінде де жанармай құны айтарлықтай көтеріліпті. Есесіне дизель бағасы бұл жақта сол қалпы. Ал ең қымбат дизель тағы да сол Алматыда.
Айта кетейік, қымбатшылық ел көп тұтынатын бензиннің АИ-92 маркасына қатысты емес. Өйткені оның бағасы 205 теңге деп бекітілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!