{metadescription}
Қырғызстан ТікТок-ты тыйды
Қырғызстан ТікТок-ты тыйды

Қырғызстан ТікТок-ты тыйды

Қырғызстанда ТікТок желісі бұғатталды. Бұл туралы көршілес елдің цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі себеп әлеуметтік желідегі әдепсіз контент. Себебі қырғызстандық ТікТок желісінде, әсіресе балаларға арналған контент бақылауға алынбаған. Қадағалаудың жоқтығы жеткіншектердің денсаулығына, жүйкесіне кері әсерін тигізуі ықтимал.

Тиктокты бұғаттау туралы ұсынысты өткен жылы Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрлігі де көтерген болатын. Бұндай бастама балалардың психикалық және рухани дамуына зиян келтірмеуі үшін қолға алынды. ТикТоктың қырғыз сегментінде ұлттық құндылықтарға қарсы жариялымдардың көбеюінен мемлекеттік қауіпсіздік  комитеті танымал желіні бұғаттау туралы тапсырма берген. Бірақ кейбір интернет-провайдерлер ТикТок жұмысын толық шектемеді. 

Қырғызстан Республикасының Цифрлық даму министрлігі:

  ТикТоктың "Қырғыз Республикасындағы балалардың денсаулығына және физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы" заң талаптарын орындамауы мұндай шешім қабылдауға негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері көрсетілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде