{metadescription}
Оңтүстік Корея: Балаларды келтірмейді
Оңтүстік Корея: Балаларды келтірмейді

Оңтүстік Корея: Балаларды келтірмейді

Оңтүстік Кореяда көптеген дәмхана мен мейрамханаға кішкентай баламен келуге шектеу енгізе бастады. Чеджу ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, қазірдің өзінде елде осындай 542 кафе бар.

Балаларға тыйым салынған мекемелердің есігінде арнайы белгі мен маңдайшасына No kids zone деген жазу болады. Кәсіпкерлер мұндай шешім шығаруға түрлі жағдай себеп болғанын айтады. Негізгісі балалар келушілердің мазасын алуы мүмкін немесе дәмхана жиһаздарын бүлдіреді деп қорқады. Екіншіден заң бойынша бүлдіршін тамақтану орнында жарақат алса, дәмхана иесіне де шара қолданады екен. Ал ата-аналар мұндай шектеу бар орынның көбеюіне алаңдаулы. Өйткені балалар қоғамға бейімделуі керек. Оларды осылай шеттету кері әсерін тигізуі мүмкін. Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші өте төмен және мұндай үрдістің пайда болуы корейлердің бала сүюге деген құлықсыздығынан дейді сарапшылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.