HONOR Magic 6 Pro сатылымға шықты
HONOR компаниясы теңдесі жоқ бейнекамера орнатылған HONOR Magic 6 Pro смартфонын сатылымға шығарды. Жаңа 180 мегапиксель камера сурет пен кез келген видеоны анық түсіруге мүмкіндік береді. Айтылған техникалық мүмкіншілігін көрсету үшін смартфонның таныстырылымы циркте өтті.
Автор: Әсем Лесбек
18.04.2024
HONOR компаниясы өз тұтынушыларын таңқалдырудан жалыққан емес. HONOR Magic 6 Pro смартфоны кез келген сәтті айқын түсіруге мүмкіндік береді. Камерасы түсірілім жағдайларына қарай лайықты диафрагманы автоматты түрде таңдайды. «Кәсіпқой» режимі бар.
Джонибек Вэй, Қазақстандағы HONOR аймақтық директоры:
— HONOR Magic 6 Pro инженерлік идеяның шыңы болып табылады, ол Qualcomm және Google іспеттес әлемдік индустрия алыптарымен бірігіп жасалған. Камера мен экранның сапасы бойынша үздік смартфон саналады.
Су жаңа смартфонның тұсаукесері циркте өтті. Акробат, клоун тіпті жан-жануарлардың қимылы суретке анық түсіп халықты таңғалдырды.
Ділназ Ивиллаева, HONOR компаниясының Қазақстандағы оқыту менеджері
— Жаңа хонор фалкон жасанды интеллект үштік камерасы ең жақсы сәттерді соның ішінде спорттық оқиғаларды, әрекеттерді автоматты түрде түсіру ішін хонор жасанды интеллект 28 есе үлкен оқу базасын пайдаланады. Қозғалып жатқан бейнелерді, сәттерді, ешқандай қиындықсыз суретке түсіріп алу күшті сападағы кескіндер алу мүмкіндігіне ие.
HONOR Magic 6 Про-ның экраны мен батареясы да жетілдірілген. Телефон ашық жасыл және графитті қара түсте шығарылған. Смартфон бүгіннен бастап сатылымда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!