{metadescription}
Судан да із қалады
Судан да із қалады

Судан да із қалады

Еліміздің көлік нарығында суға батқан көліктер пайда болмай ма? Автокөлік сарапшылары әзірге алаңдаушылық жоқ дейді. Айтуларынша, суға кеткен автомобиль көп емес. Тіпті қызыл судың астында қалған темір тұлпарларды анықтау да оңай деп отыр. Басты белгі — қарғын су өз ізін қалдырады.

Елімізде ауқымды су тасқыннан үйлер, жеке заттарға ғана емес, көліктерге де зақым келді. Судың тоқтаусыз ағысына тосқауыл қою қиынға соққаны анық. Сарапшылар, «көлік сатып алғанда аса мұқият болған жөн» деп отыр. Автокөліктің ұзақ уақыт бойы суда тұрғанын жағымсыз иісінен немесе оны жасыру үшін қолданылған күшті хош иістер арқылы аңғаруға болады. Одан бөлек, құмдардың жинақталып қалуы мен кір және тот басуы секілді белгілерге де мән берген жөн. Бағасы өз деңгейіндегі машиналардан арзанырақ болуы мүмкін. Суға батқан көліктердің саны елдің автокөлік нарығына ауыртпалық жүктейтіндей көп еместігі тағы бар.

Эдуард Эдоков, автосарапшы:

Егер сіз кенеттен нарықтан төмен бағаға сатылатын көлікті алғыңыз келсе, міндетті түрде мұқият қарауыңыз керек. Мен суға батқан көлікті сатып алуды мүлдем ұсынбаймын. Менің ойымша, Қазақстан нарығындағы автокөлік құнына айтарлықтай әсер болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде