{metadescription}
Атырау облысы: Қылмыс үстінде қолға түсті
Атырау облысы: Қылмыс үстінде қолға түсті

Атырау облысы: Қылмыс үстінде қолға түсті

Бөгеттегі құм толтырылған қапшықтарды  ұрлап әкетіп, өз үйін қоршамақ болған. Атырауда тасқын судан қорғайтын Жайық жағалауын бекіткен инертті материалды үйіне алып кеткен ұрылар ұсталды.

Апатты алдын алу үшін бұл бөгет халықтың күшімен тиянақты бекітілген болатын. Бірақ күн өткен сайын құм толы қаптардың азайып жатқанын тұрғындар байқап қалған. Сөйтсе, оны бас пайдасы үшін ұрлайтын пысықайлар пайда болыпты. Олар түн жамылғанда әрекет етеді екен. Полицейлер олардың қапшықтарды қымбат көлігіне тиеп жатқан жерінен ұстап алған. Қазір төрт ер адам мен 34 жастағы әйелге қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Заңға сай, әрқайсысы енді 300 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді немесе 20 тәулік қамауда отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде