«Алматы су»: Ұсталған кім?
Қол қойғаны үшін қыруар қаражат талап еткен. Антикор «Алматы су» мекемесі бас директорының орынбасарын парамен ұстағанын хабарлады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.04.2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, "Алматы су" директорының орынбасарына орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша төлем үшін кәсіпкер бақандай 345 миллион теңге беру керек болған. Келісілген соманың 75 миллион теңгесін пара ретінде беру кезінде ұсталыпты.
Қазір күдікті қамауда. Одан басқа ақпаратты агенттік айтпай отыр. Бір қызығы, суға жауапты мекемедегілердің өзі мұны естіп аң-таң. Директордың екі орынбасары бар екен. Екеуі де жұмыс орнында дейді. Әрі осында істеп жатқанына екі жылдан асыпты.
Мақсат Батхан, «Алматы су» ШЖҚ МКК директорының орынбасары:
— Ол туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ.
— Сіз қанша уақыт отырсыз басшының орынбасары болып?
— Мен мына жақта екі жыл болды ,жұмыс істеп жүргеніме. «Алматы суда».Ол туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ. Ол туралы ешқандай пікір бере алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!