Иран: Әуеден жасалған соққы
Израиль Иранның Исфахан қаласына әуеден соққы жасады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Автор: Әсем Лесбек
19.04.2024
Бірнеше зымыран Исфахан әуежайына түсіпті. Шабуыл дрон арқылы жасалған деген де ақпарат бар. Бірақ ол әзірге нақты емес. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуе қорғанысы күштері бірнеше зымыран мен дронды нысанаға жеткізбей қағып түсірген.
Қазір Иранның әуе кеңістігі азаматтық рейстер үшін жабық. Исфахан ғана емес, Шираз бен ел астанасы Теһранның да әуежайы жұмысын тоқтатты.
Естеріңізге салсақ, өткен сенбіде Иран Израильге жүздеген зымыран атқан. Сол кезде Израиль міндетті түрде бұған қарсы жауап болатынын ескерткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!