{metadescription}
Түркия: Зілзаладан кейін
Түркия: Зілзаладан кейін

Түркия: Зілзаладан кейін

Түркияда тағы жер сілкінді. Бұл жолы қуаты 5,6 балл зілзала Сулысарай ауданында тіркелген. Бірнеше ғимарат бүлініп, ауылда үйлер қираған.

Елдің денсаулық сақтау министрі өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында бір адамның жарақат алғанын хабарлады. Жер сілкінісі көршілес аймақтарда да сезіліпті. Тұрғындар тербеліс басталысымен жаппай көшеге шығып, алаңдар мен саябақтарға жиналған. Арасында үрейден есінен танып қалғаны да болыпты. Дәрігерлер оларға дереу медициналық және психологиялық көмек көрсеткен. Қазір құлаған және зақым келген ғимараттар саны нақтыланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде