{metadescription}
Алматы: Өнер көрмесі
Алматы: Өнер көрмесі

Алматы: Өнер көрмесі

26 сәуір — Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні. Осыған орай Алматыда арнайы көрме ашылды. Онда халық назарына Қазақстандағы танымал суретшілердің 40-қа жуық еңбегі қойылған.

Аталмыш мерекені жыл сайын осы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше елдер атап өтеді. Көрмеге келген әр адам бұл күннің маңыздылығын түсініп, қылқалам шеберлерінің үздік туындыларын тамашалады. Жалпы зияткерлік меншік құқығы өнертапқыш, кәсіпкер, дизайнер сынды шығармашылық өкіл иелерінің авторлық құқығын қорғауға бағытталған. Көрмені әділет министрлігі Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің қолдауымен ұйымдастырды. Қазақстан Суретшілер одағы да шараға мұрындық болды.

Айта кетейік сурет көрмесі 29 сәуірге дейін жалғасады.

Айгүл Хайдарова, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкері:

Әр өнер саласында жүрген адамдардың өзінің авторлық құқығын қорғау және өз өнерін дамыту. Оны шетелге паш ету. Өз көрермендеріне көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жерде график суретшілер, кескіндемешілер, мүсінші және басқа да шеберлердің жұмыстары қойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде