{metadescription}
Орал: Қызыл су
Орал: Қызыл су

Орал: Қызыл су

Оралда Жайық өзенінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, тасқын күшейді. Арыны қатты ағыс бөгеттерді бұзып, қала маңындағы саяжайларда 13 мыңнан астам үй су астында қалды. 

Жайықтың деңгейі қазір ең қауіпті деген мөлшерден де асып кеткен. Тасыған су қала маңындағы саяжайлар арқылы ағып жатыр.

Бұл бейнежазбада ер адам жағаға жетем деп ағып кете жаздады. Абырой болғанда жанұшыра көмекке ұмтылған тұрғындар зейнеткерді судан шығарып үлгерді.

Қазір ресми дерек бойынша облыста 13 мың 44 үй суда қалған. Бұл аудандардан 13 мың 880 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың екі мыңнан астамы эвакуациялық пунктерге жеткізілді.

Құтқару жұмыстарымен 10 мыңдай адам айналысуда. Бүгін өңірге көрші өңірлерден қосымша күш тартылды. Мамандар Жайықтың суы екі күн ішінде тағы көтеріледі деп болжайды.

Тілеген Шапанов, «Казгидромет» РМК БҚО бойынша филиал директоры:

Орал қаласы тұсында су деңгейі қауіпті межеден асты. 12 см. Соңғы тәулікте судың деңгейі 10 см өсіп, 862 см көтеріліп отыр. Орал қаласы бойынша судың көтерілуі әлі де болса бір екі күнге жалғасады. Содан кейін судың биік шыңына жетіп барып біртіндеп төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде