{metadescription}
СҚО: Қауіп сейілгендей
СҚО: Қауіп сейілгендей

СҚО: Қауіп сейілгендей

Солтүстік Қазақстан облысына тасқынның екінші толқыны келді. Соның салдарынан Сергеев су қоймасының деңгейі үш метрден асып барып, бүгін қайта төмендеді. Сарапшылар топан судан енді еш қауіп жоқ деп отыр.

Ернеуінен асып тасыған Сергеев су қоймасы қазір сәл саябырсыды. Екінші толқынды күткен мамандар су деңгейі 62 сантиметрге төмендеді деп отыр. Сондықтан тасқынның екінші толқынынан аса қауіп жоқ дейді мамандар. Мұны малмандай болған елдімекендердегі су деңгейінің төмендеуінен де байқауға болады. Арнасынан асқан Есіл өзені де жарты метрге түскен. Қазір өңірде үш мыңға жуық баспана суда тұр.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД бас маманы:

Қазір Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 3 метр 60 сантиметр. Әлдеқайда арнасынан асып-тасыған су мөлшері төмендеді десе болады. Сондықтан қауіп сейілгендей. Оның үстіне ағын су өзен сағасына қарай ойысып, жан-жаққа жайылып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде