{metadescription}
Атырау облысы: Шығын есептелуде
Атырау облысы: Шығын есептелуде

Атырау облысы: Шығын есептелуде

Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысан саны 226-ға жетті. Олардың басым бөлігі азық-түлік дүкендері, наубайханалар мен жылыжайлар. Сондай-ақ егін мен мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың да кәсібі суда қалды.

Жергілікті әкімдік, кәсіпкерлердің шығыны болжам бойынша 6,4 млрд теңгені құрайды дейді. Бірақ бұл нақты қорытынды емес.

Бүгін тасқын болған өңірде бизнес өкілдеріне кеңес беретін орталық ашылды. Сонымен қатар Атырау облысы әкімдігі жанынан шағын және орта бизнеске келген залалды өтеу бойынша комиссия да құрылуда. Табиғи апаттың зардабын жою мемлекеттік бюджет қаражатынан және өңірдегі бюджеттен тыс қорлар арқылы жүзеге асырылады екен.

Сәттіғұл Сабыров, Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

Өңірлік комиссия құрылып жатыр. Жақын арада қабылданатын болады. Зардап шеккен кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы жұмысын бастады. 22 сәуірден жұмысын бастады. Бұл кеңес беру орталықта кәсіпкерге қандай құжат қажет екені жөнінде кеңес беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде