{metadescription}
Жарнамалау да заңсыз
Жарнамалау да заңсыз

Жарнамалау да заңсыз

Енді блогерлердің әлеуметтік желі арқылы казино мен букмекерлік ойындарды ашық жарнамалауына тыйым салынады. Заңға қайшы әрекет еткендерді қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр. Мәжіліс «Ойын бизнесі, лотерея қызметі туралы» заңға бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы құжатты бірінші оқылымда талқылады.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Кез келген Қазақстанда ойын түрін ұйымдастыру, құмар ойындарын, ол ТикТок-тағы карта ойыны болсын, лицензияланбаған ойын түрлерінің барлығы Қазақстанда заңсыз. Оларға тікелей ҚР ҚК арнайы бап қарастырылған. 307-бап бойынша. Ішінде қомақты айыппұл мен екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Құмар ойынының нышаны бар қандай да бір жарнама үйлердің қасқабетінде, ғимараттарда, құрылыс қоршауларында енді мүлдем ілінбеуі тиіс. Көліктің сыртында да мұндай сипаттағы ақпаратқа тыйым салынады. Бәс тігу жасы да 21 жастан 25 жасқа дейін көтерілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар да букмекерлік ойындарда бәс тігу мүмкіндігі шектелетін болды. Яғни ойына келген соманы тіге алмайды. Ал заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандардың мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, шектеу азаматтардың біраз санатына қатысты. 

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Мемлекеттік қызметкер болмауыңыз керек. Сізді тіркеген кезде жеке куәлігіңізді біз цифрлық министрлік, юстиция арқылы тексереміз. Видеоидентификация арқылы тексереміз. Сосын жеке куәлігіңіз бен есепштыңыз бір адамдікі екендігі, яғни сәйкестілігін тексереміз. Содан кейін ғана ойнауға мүмкіндік береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде