{metadescription}
TikTok-қа тыйым салына ма?
TikTok-қа тыйым салына ма?

TikTok-қа тыйым салына ма?

TikTok-қа біздің елде де тыйым салынуы мүмкін бе? Мәдениет және ақпарат министрі әлемге танымал әлеуметтік желіде құқық бұзушылықтар белең алғанын айтып отыр. Сондықтан оны бұғаттау мәселесі де күн тәртібіне шығып алуы ықтимал.

Айта кетейік, қазіргі таңда Өзбекстан мен Қырғызстанда TikTok-ты қолдануға болмайды. Тыйым мәселесі АҚШ-та да қарастырылуда.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда құқық бұзушылық фактілер әлеуметтік желідегі материалдарда тым көбейіп кетті. Енді оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шара қабылдауға тура келеді. Бұл шешілген дүние емес. Бұл әрі қарастырылып, одан кейін жалпы талқылауға түсетін сұрақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде