Ақмола облысы: Жалын жалмады
Степногор қаласының іргесіндегі Заводская кентінде жанармай қоймасы өртенді. Бет қаратпас жалын жақын маңдағы жер үйлер мен өзге де нысандарға қауіп төндірген. Сондықтан құтқарушылар мектеп оқушыларына дейін эвакуациялады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.04.2024
Жекеменшік қоймадағы өрт тапа-тал түсте тұтанған. Бөшкелерге құйылған жанармайға өрт тиіп, қызыл жалын мен қара түтін айналаны басып қалыпты. Қауіпсіздік мақсатында мектептегі оқушыларды сыртқа шығарып, тұрғындарға ескерту жасалған. Тілсіз жаудан қоймадағы жанармай өртеніп, үш жеңіл көліктің тек қаңқасы қалған. Әйтеуір адамдар аман. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Ержан Қаппасов, Степногор ТЖБ бастығы:
— Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөліміне өндірістік нысанда өрт тұтанғаны жайында хабар келіп түсті. Ол ғимаратта жағармай сақталғандықтан ,жоғары дәрежедегі әзірлікпен өртті сөндіруге кірістік. 8 арнайы техника мен 40 шақты адам өртті оқшаулады. Өрт әлі сөндіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!