Алматы: Қайырымдылық керуені
Алматының саудагерлері тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беруді жалғастырып жатыр. «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында бұл жолы 20 тоннаға жуық жүк жөнелтті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
22.04.2024
Ізбасар Өтеулин, сауда кешенінің қызметкері:
— Қайырымдылық керуенімізді Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Петропавл қаласына аттандырып отырмыз. Қайырымдылық акциясы барысында қызметкерлеріміз бір күндік жалақысын аударып, игі бастамаға атсалысып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға байланысып оларға қажет деген заттарды жинадық.
Жүк көлігіне толтыра тиелген кезекті гуманитарлық көмек Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтілді. Ішінде қазіргі уақытта ең қажет деген заттар жиналған. Азық-түлік, киім-кешектен бөлек, тұрмыстық тауарлар, гигеналық заттар, құрал-сайман, резеңке етіктер мен төсек-орындарға дейін бар. Гуманитарлық көмек «Алтын орда» базарынан бірінші рет кетіп жатқан жоқ. Бұған дейін қатардағы саудагерлер ат салысса, бұл жолы базар әкімшілігінің қызметкерлері жинаған. Жүк көлігіне артылған заттар тікелей жеткізіледі.
Айта кетейік, қайырымдылық акциясы аясында олар бір күндік жалақысын аударған.
Өтеген Қуанышев, саудагер:
— Су тасқынынан зардап шеккен Петропавл өңірінің тұрғындарына тағыда гуманитарлық көмек жіберіп жатырмыз. Осыған байланысты «Алтын орда» ұжымы өзінің бір күндік жалақысын көмеккке бөлді. Біздің күшіміз — бірлікте. Біз — біргеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!