БҰҰ моделі
El Umiti корпоратив қоры жастарға Біріккен ұлттар ұйымының моделін үйретуде. Студенттер жаһандық проблемаларды ортаға салып талқылап, олардың шешу жолдарын ұсынады.
Автор: Айжан Шамшидин
22.04.2024
Айсұлу Махтаева, EL UMITI корпоратив қорының жоба менеджері:
— БҰҰ жасөспірімдердің демократиялық және көшбасшылық дағдыларын арттырады, қоғамдық сөйлеу дағдыларын арттырады. Сондықтан EL UMITI қоры Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетінің Астанада қаласындағы MNU MUN студенттік клубымен бірлесе өтетін ең ірі БҰҰ моделін ұйымдастыруда.
Жобаға әсіресе Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ерекше қызығушылық танытып отыр. «Біріккен ұлттар ұйымы моделі» жобасында тәлімгерлер түрлі делегаттардың кейпіне еніп, жаһандық проблемаларды талқылайды. Басты мақсатымыз — болашақта мәселеге терең бойлап, оны шешуге үлес қоса алатын сауатты, белсенді азаматтарды дайындау, - дейді ұйымдастырушылар.
Шараға Астананың он үздік мектебі мен төрт университетінен 120 қатысушы қатысты. Оза шапқан 15 қатысушы үздік деп танылып, құрмет грамоталарымен марапатталды.
Елжан Әлімқұл, студент:
— Шара халықаралық қатынастарда оқитын студенттерге маңызды. Себебі біздің университет зерттеу бағытында алға жылжып жатыр. Тек зерттеу бағытында емесс, тәжірибе жүзінде білімдерін шыңдау үшін бар қабілетін көрсетуге маңызды іс-шара.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!