{metadescription}
Бөгет ақшасы ұрланған
Бөгет ақшасы ұрланған

Бөгет ақшасы ұрланған

Тасқынмен күрес аяқталмай жатып, жырымдап ақшасын қалтаға басқан пысықайлар бар болып шықты. Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында бөгет салуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған. 

Дмитрий Малахов, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы:

Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғалды. Бес адам күдікті деп танылды. Алдын ала есеп бойынша, залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат бұдан бұрын гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген болатын.

Агенттік қызметкерлері енді бөгет пен су бұру нысандарын салуға, өзен арнасын тереңдетуге бөлінген қаражат басқа аймақтарда қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын тексермек. Сондай-ақ тасқын салдарын жоюға берілген ақшаның әр тиыны зардап шеккен тұрғындардың қолына жеткенін бақылайды.

Үйі суға кеткендерге көмектесеміз деп ақша жинайтын алаяқтармен күрес күшейтіледі деп отыр. Азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және құрылыс материалдары бағасының өсуіне жол бермеу үшін мониторинг жүргізу жалғасады.

Жалпы қызыл сумен күреске Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар қаражатын қоса алғанда, 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде