{metadescription}
Ақтөбе: Кім кінәлі?
Ақтөбе: Кім кінәлі?

Ақтөбе: Кім кінәлі?

Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап кетті. Алғашқыда ол өмірден баз кешіп секіріп өлмек болған деген ақпарат тараған. Алайда жақындары бір баласы бар әйелді суицидке барды дегенге сенбей отыр. Себебі оны биіктен секіруге мәжбүрлеген немесе бәз біреулер итеріп жіберген.

Мұны оқиға куәгерлері де растауда. Қазір үшінші қабаттан құлаған науқас ауруханада жатыр. Әзірге оқиғаның қалай болғанын тергеушілерге айтып бере алмапты.

22 жастағы Анна Галинко үшінші қабаттағы балконнан секіріпті. Оның өздігінен мұндай қадамға барғанына ата-анасы сенбейді. Сол күні түн жарымында үйдегілерге хабарласып, такси шақыртып беруді сұрапты. Артынша тек дыбыссыз аудио жазбалар ғана жіберіп отырған. «Осы оқиғаның куәгерлерімен кездескен соң күдігім расталды» - дейді анасы.

Елена Галинко, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Оның үш жастағы баласы бар. Өмірден баз кешетіндей, өздігінен биіктен секіретіндей адам емес. Қасында болған танысы бұрын сотталған. Жерде қансырап жатқанда «мен тағы сотталып кетемін, ештеңе айтпа» деп отырыпты. Куә бар.

Куәгерлер Аннаның осы үйге танысымен кешкі сағат жеті шамасында келгенін айтады. Түнделетіп пәтерге тағы бір еркек кірген. Келіншек құлағанда бірі жанында қалып, екіншісі қашып кетіпті.

Куәгер:

Түнде терезе алдына биіктен құлаған нәрседен шошып кеттім. Жоғарыдағы балконды біреу қатты жауып жатты. Жерде келіншек қансырап жатқан кезде танысы жедел жәрдем шақырмады. Бұл суицидке ұқсамайды. Мен бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар бердім. Ана жігіт жалынып отырды. Құлаған қыз «не үшін, не үшін?» деп оған өкпесін айтумен болды.

Келіншектің қасында болған екеу қазір тергеліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты іс қозғалған.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облысы ПД басқарма бастығы:

Азаматша Галинконың үшінші қабаттан құлау дерегі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес, яғни кісі өлтіруге дейін жеткізу. Осы оқиғаға қатысы бар деген тұлғалардың барлығы анықталды және полиция бөліміне жеткізілді.

Тәртіп сақшылары келіншектің биіктен өзі құлағанын не мәжбүрлегенін сараптамадан соң нақты айтамыз деп отыр. Ал 22 жастағы тұрғын аман қалды. Жамбасы, білек сүйектері сынған. Ота жасалып, бір күн жансақтау бөлімінде жатты. «Енді ғана тілге келе бастады» - дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде