{metadescription}
Автомектепте оқу керек
Автомектепте оқу керек

Автомектепте оқу керек

Енді автомектепте оқығандар ғана жүргізуші куәлігін ала алады. Құжат алу ережесіне қайтадан осындай өзгерту енгізілген. Яғни көлік тізгіндегісі келетіндер даярлау курсынан өтуut міндетті. 

Осыған дейін 18-ден асқан азаматтар А, В, А1 және В1 санаттары бойынша куәлік алу үшін өз бетінше дайындалып, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында теориялық және практикалық емтихан тапсыратын. Сұрақтарына жауап беріп, кейін тиісті құжатына ие болатын. Алайда емтихан тапсыратын кезде неше түрлі қитұрқылыққа баратындар пайда болды. Сjys4 cалдарынан не білімі, не тәжірибесі жоқ жүргізушілер жолда толып жүр.

Енді жаңа ережеге сай, көлік тізгіндегісі келетін кез келген адамға бұрынғыдай автомектепте оқу міндеттеліп отыр. Яғни жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы курстан өтті деген құжат қажет. Ал, оқудың ұзақтығы үйренушінің талабына байланысты. Бір айдан төрт айға дейін созыла береді. Автомектепте оқу міндеті бұрын болып, кейін өзгертілген болатын.

Нәзира Нұрбекова, автомектеп директоры:

Адам интернеттағы тестілерді сатып алатын. Соны жаттап тапсыратын. Бірақ ол дұрыс емес. Өйткені ол кісілер келіп бізге нұсқаушымен жүргізуге жазылған кезде, олар тіпті тоқтау сызығын білмейтін. Және де ешқандай белгіні білмейтін. Олар тек тест бойынша дайындалатын. Ол дұрыс емес деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде