{metadescription}
Үлескерлер үміті
Үлескерлер үміті

Үлескерлер үміті

Елімізде 340-тан астам тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Бұл бірінші кезекте әкімдіктер тарапынан жіберілген кемшіліктің салдары дейді Үкімет басшысы. Күн тәртібінен түспей келе жатқан күрделі мәселені дереу шешу үшін тиісті ведомство мен аймақ басшыларына тапсырма берілді. 

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейінгі мерзімде салынып жатқан барлық объектіге құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек. Ең бастысы ,барлық үйді мерзімде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Жалпы елімізде құрылысы сағызша созылған 39 проблемалық нысан бар. Алданған үлескерлер жылдар бойы соттасып келеді. Өзге өңірлерді былай қойғанда, мұндай проблема елорданың өзінде жетіп артылады. 10 жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс болған екі бірдей нысанның құрылысы сол күйі тұралап тұр. Ал салымшылардың салы суға кетіп, 484 отбасы пәтер кілтін ала алмай келеді.

Атышулы G-Park-тің рұқсатсыз 7 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, астаналықтарды әуреге түсіргені тағы бар. Аталмыш компанияға үш жарым мыңға жуық отбасы ақша құйған. Мұндай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарға құрылыс компанияларын мұқият таңдауға кеңес берді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Заңға қайшы келетін заңсыз құрылысты тоқтату керек. Қазір біз әзірлеген шаралар Мәжілісте. Мәселен, алдын ала келісімдерге тыйым салу. Бұл тұрғын үй үлескерлерін дұрыс, заңды қаржыландыруды айналып өтудің негізгі құралы. Нақты, G-Park бойынша біз бұл мәселенің қалай шешілетіні жайлы ақпарат береміз. Десе де жалпы, қарапайым тілмен айтқанда, біздің азаматтар құрылысты таңдауда жауапкершілік танытуы керек. Егер заңсыз салынып жатса, алдын ала келісім бойынша жұмыс істесе, онда ол нысандарға жолаудың қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде