{metadescription}
Петропавл: Көптің көмегі
Петропавл: Көптің көмегі

Петропавл: Көптің көмегі

Петропавлда су басқан үйлерді құрғату үшін арнайы насос станциясын орнатып жатыр. Заманауи үлгідегі жаңа құрылғы сағатына екі тоннаға дейін су сорғытады екен.

Белуардан су кешкен халық жаңа қондырғының орнатылып жатқанына қуанышты. Сағатына екі тонна су сорып, он метр биіктікке дейін көтере алатын станция баспанасын тезірек тазартып береді деген үмітте. Бұл жұмыстар тасқыннан аса көп зардап шеккен Подгора шағын ауданынан басталып жатыр. Ал жан-жақтан келіп жатқан гумантарлық көмек әлі тоқтаған жоқ. Дәл бүгін Елордадан 60 тонна азық-түлік, таза су және гигиеналық заттар жеткізіліпті.

Асқар Балағазин, СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

Солтүстік Қазақстан облысында және басқа да ҚР облыстарында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қиын болып жатыр. Бірақ барлығымыз біргеміз! Барлығына төтеп береміз деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде