Оқушылардан Ойылға көмек
Тасқыннан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр. Алматылық «Арай» білім беру орталығы Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданына қаржылай және гуманитарлық көмек жіберді.
Автор: Әсем Лесбек
23.04.2024
Қаражат жинау үшін білім мекемесі арнайы жәрмеңке ұйымдастырған. Оқушылар мен ата-аналар түрлі тағамдар пісіріп, қол өнер бұйымдарын сатылымға шығарыпты. Содан түскен қаржы табиғи апаттан жапа шеккен Ойыл ауданына жөнелтілген. Тек ақшалай көмектеспей, ата-аналар мен ұстаздар түрлі азық-түлік те әкелген. Арасында гигиеналық заттар да бар.
Мира Жексенбаева, «Арай» білім беру орталығының директоры:
— Ойыл ауданы жалпы тасқынан қатты зардап шеккен аудандардың бірі. Сондықтан да біз сол елдімекенге сәл де болсын көмегіміз ретінде осы шараны өткізудеміз. Жиналған қаржы мен азық-түліктер сондағы мектептердің біріне жеткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!