Атырау облысы: Қызыл су
Атырау облысында тасқынға қарсы дайындық 92 пайызға орындалды. Қала 11 секторға бөлініп, ұзындығы 482 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері салынған.
Автор: Жанат Молдашова
24.04.2024
Тасқын қаупі төнген өңірге бүгін премьер-министр Олжас Бектенов келіп дайындықты тексерді. Қаланың айналасын қымтап, бөгет салуға төтенше жағдай, ішкі істер саласы , қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның алты мыңға жуық әскери қызметшісі тартылған. Сондай-ақ әкімдік қызметкерлері мен екі мыңға жуық техника жұмылдырылыпты.
Тұрғындар да күні-түні қолғабыс беріп жатыр. Соған қарамастан Олжас Бектенов Атырауға өзге өңірлерден әскерилер мен қосымша техника жеткізуді тапсырды.
Ал облыс басшыларының айтуынша Жайық өзенінің Каспийге құяр каналдары тереңдетілгелі ағыстың да жылдамдығы артқан. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар үздіксіз жұмыс жасап жатыр.
Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
— Каспийдің құятын тұсында жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда олардың мақсаты — 50 см тереңдікті 2 метрлік тереңдікке жеткізіп, Жайықтан ағатын Каспийге құятын судың қарқынын жылдамдату. Бұл жұмыс басталғаннан бері жылдамдық артқанын байқап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!