{metadescription}
Ақтөбе: Өмірден баз кешті
Ақтөбе: Өмірден баз кешті

Ақтөбе: Өмірден баз кешті

Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің шатырынан секіріп көз жұмды. Оқиға орнынан марқұмның соңғы хаты табылған. Бірақ онда не жазылғаны әзірге беймәлім.

Қайғылы оқиға қала шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болды. Қыздың биіктен секіргенін көпшілік көрген. Тіпті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Жерге құлап бара жатқанда сол маңнан өтіп бара жатқан оқушы бала да бұл сұмдықты көрген. Өмірден баз кешкен бойжеткен колледждердің бірінің студенті екен. Отбасы осы үйде тұрады. Оның өзіне қол салуына не себеп болғанын тәртіп сақшылары ашып айтпады.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде