{metadescription}
Кредиттi заңсыз алу бабын жою ұсынысы қаралып жатыр
Кредиттi заңсыз алу бабын жою ұсынысы қаралып жатыр

Кредиттi заңсыз алу бабын жою ұсынысы қаралып жатыр

«Кредитті заңсыз алуды қылмыс деп санамасақ, өз адамына миллиондап кредит рәсімдеп, ақша шығарып алатын банкирлерді қайтеміз?» Бүгін мәжілісмендер осындай сауал көтерді. Төменгі палатада Қылмыстық кодекстен «Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану» бабын жою ұсынысы қаралып жатыр.

Асқар Садықов, Мәжіліс депутаты:

Елімізде өзіне кредит беріп, бұл активтерді банктен шығарып алған қашқын банкирлер мен олардың орынбасары баршылық. Мұндай жағдайда осы 219-бапты қалай қолданамыз? Банкирлер мен соларға қатысы бар команияларды қылмыстық жауапсыз қалдырамыз ба?

Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:

Біз бухгалтердің жауапкершілігін әкімшілік кодексте қалдырып, ол бұрыннан да бар, ал қылмыстық жауапкершілікті мүлдем жойып отырмыз. Неге десеңіз, егер кәсіпкер салық төлеуден көрінеу жалтарған болса, соған бухгалтерге тапсырма беріп, соны пайдаланғаны анықталған болса, оған тиісті Қылмыстық кодексте жауапкершіліктер бар. Бұл жерде кәсіпкер жазасыз қалмайды. Ал бухгалтердің қателігі үшін үлкен кәсіпорындар жауап бермеуі керек, яғни зардап шекпеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде