Алматылықтар жол сапасына шағымын телеграм-ботта қалдыра алады
Бар үміт — бот. Алматылықтар енді қаладағы жол сапасына қатысты шағымын телеграм-ботта қалдыра алады.
Автор: Әсем Лесбек
24.04.2024
Жаңа жүйе арнайы жол инфрақұрылымын жақсартуға арналған. Тұрғындардың шұңқырлар мен оны жөндеуге өтініші енді тиісті органдарға жетеді деген үміт бар. Шағымды жіберу үшін алдымен «Алматы жолы бот» чатын ашу қажет. «Старт» деген батырманы басып, өтініштің мәтіні мен жолдың фото-видеосын жібересіз. Жанына міндетті түрде мекенжай мен байланыс нөмірін қалдыру қажет. Өтініш өңделген соң, қала биілігі шара қабылданатынын айтып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!