{metadescription}
Бишімбаев ісі: Сот тергеуі аяқталды
Бишімбаев ісі: Сот тергеуі аяқталды

Бишімбаев ісі: Сот тергеуі аяқталды

Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды. Енді алдағы дүйсенбіде жарыссөз өтеді. Ары қарай үкім шығатын күн алыс емес. 

Айжан Құлбаева, судья:

Сот тергеуі аяқталғанын мәлімдейміз және тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі. 29 сәуірде сот отырысы жалғасып, сот жарыссөзі басталады. Сот тергеуі 27 наурыздан бастап 17 отырыс өткізді. Сот бұл уақытты істі сот талқысына жіберуге жеткілікті деп санайды. Сот талқысы 29, 30 сәуір мен 2,3,4 мамыр күндері болады.

Бишімбаевтың өзі бүгінгі қорытынды сөзінде, азаптау бабы бойынша кінәсін мойындамайтынын тағы қайталады. Тек әйелінің өліміне әкеп соқтырған соққылар жасадым деп отыр. Қылмысты жасырды, хабарламады деп айыпталған экс-министрдің інісі Бақытжан Байжанов та кінәсін мойындаған жоқ.

Жалпы соттың бүгінгі отырысында қарашадағы қанды қылмыс болған күні Бишімбаев хабарласқан көріпкелден жауап алынды. Ол өзіне қарсы қоқан-лоққы көрсетіліп жатқанын айтып, соттан процеске онлайн қатысуды сұраған. Жауап алу кезінде сәуегей Бишімбаевқа бірнеше қайтара «жедел жәрдем шақыр» деп айттым деп отыр.

Бұдан бөлек, бүгін прокуратура Бишімбаевтың Байжановқа қысым көрсету дерегі растамалмағанын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде