Алматыда көлікті тал астына, электр бағанының жанына қоймаңыздар
Алматыда күшті дауылдан ағаштар құлап аялдаманы қиратты. Қарағайдың бұтағы көліктердің де үстіне түскен. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан түнге қарай күшті жел қайталануы мүмкін деген қауіппен автомобильдерді ағаштар мен электр бағандарының жанына қоймауды сұрап отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.04.2024
Алматыда кешқұрым басталған дауылдан үйлердің қасбеті де ұшып кетіпті. Тұрғындардың айтуынша, көбі кейінгі жылдары салынған үйлер. Қазір 109 қызметі үш ауданда жолға құлаған бұталарды тазартумен айналысуда. «Қазгидромет» алдағы күндері де шаһарда нөсер жауып, сынап бағаны төмендейтінін ескертті. Сондай-ақ тауға шықпауға кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!