{metadescription}
Telegram каналы арқылы есірткі сатқандар ұсталды
Telegram каналы арқылы есірткі сатқандар ұсталды

Telegram каналы арқылы есірткі сатқандар ұсталды

Елімізде Telegram каналдары арқылы есірткі сатқандардың ізі кесілді. Нашаның негізгі тұтынушылары — Астана, Алматы, Алматы облысының тұрғындары.

Тыйым салынған заттарды оңды-солды көпшілікке сатылымға шығарған 300-ге жуық арна мен 4 ірі Darknet маркетплейстің көзін жойғанын хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі. Ал тұрақты негізде психотроп заттар мен есірткіні жарнамалап тасымалдаған 50 пайдаланушының жеке басы анықталып, қазір тергеу жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.Қаржыны барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады. Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде