{metadescription}
Саяхат пен туризмді дамытпақ
Саяхат пен туризмді дамытпақ

Саяхат пен туризмді дамытпақ

Шетелге шығатын қазақстандықтардың саны жыл сайын 20 пайызға артуда. Демалысын өзге елде өткізгісі келетін отандастырымыздың қарқынды көбейіп жатқаны Алматыда өткен «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесінде айтылды. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі туризм саласына қатысы бар компаниялар елімізде бас қосатын шара осымен 22 жыл қатарынан өтуде.

«Атакент» көрме павильонында бүгін ерекше қарбалас. Халықаралық шараға әлемнің 28 елінен 400ден аса компания қатысқан. Оның ішінде 16 мемлекет өздерін ұлттық стендте таныстырды. 

Виктория Павленко, "Туризм және саяхат" қазақстандық халықаралық көрмесінің жетекшісі:

Көрменің мақсаты – туристік бизнестегілердің басын бір ортада қосу. Яғни туристік агенттіктер, қонақ үй желілері, әуекомпаниялар мен мемлекеттік органдар арасында байланыс және серіктестік орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық ынтымақтастықты дамыта отырып, туризмдегі тәжірибе, білім және соңғы тенденциялармен алмасу үшін бірегей кәсіби алаң ретінде ұсынылады.

Көрменің бұлай ауқымды өтуі бекер емес. Шетелге қызығатын отандастырымыз жылдан жылға артып жатыр екен. Қазақстандықтар көбіне Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия, Мысыр, Тайланд пен Вьетнам мемлекетін таңдайды.

Анна Загоруйко, KOMPAS туроператорының бас директоры:

Жыл сайын нарық 18-20 пайызға өсіп жатыр. Әрі, туристер 15-20 жыл тоқтамай баратын елдердің қатары да артуда. Бірақ адамдар шетелге жиі шыққанымен, қысқа мерзімге ғана баратын болған.

Халықаралық іс-шараның басталғаны бүгін. Әлі екі күнге жалғасады. Алғашында компаниялар бір-бірімен тәжірибе алмасса, үшінші күні көрмеге кез келген адам кіріп, емін-еркін тамашалай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.