Петропавлда тасқын саябырсыды
Петропавлда тасқынның екінші толқыны да саябырсыды. Құтқару қызметінің хабарлауынша, әзірге бірде-бір үйді жаңадан су басу дерегі тіркелмеген. Дегенмен жолдарды әлі су алып жатыр. Қаланы айналып өтетін жерде ғана емес, ағын су республикалық маңызы бар трассаның үстінен жүріп өткен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
25.04.2024
Петропавл мыңынан өтетін Есіл өзенінің деңгейі 30 сантиметрге көтерілген. Әзірге, онсыз да белшеден суда тұрған Заречный, Подгора, Косогор мен Кожевенный зауыты шағын аудандарына бұл жағдай әсер ете қойған жоқ. Мамандар үйлерге екінші қайтара қызыл су кірген жоқ деп отыр. Есесіне тасқынның екінші толқыны тас жолдарды талқандауда. Петропавлдың айналма жолын әр жерден басқан су шайып қатынас қиындады. Қазір Ресейге шығатын Петропавл-Соколовка республикалық маңызы бар жол уақытша жабық.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД бас маманы:
— Бұл аса қауіпті жағдай емес. Бәрі де бақылауымызда. Полиция, төтенше жағдай қызметі қас қақпай қадағалап тұр. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қосымша жолдарды да алдын ала қарастырылып қойғанбыз. Біз барынша автокөлік қозғалысын реттеп, тежелмеуіне жағдай жасаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!