{metadescription}
Бағлан Әбдірайымовтың «Зеро-2. Қарыз» фильмі  жарыққа шықты
Бағлан Әбдірайымовтың «Зеро-2. Қарыз» фильмі  жарыққа шықты

Бағлан Әбдірайымовтың «Зеро-2. Қарыз» фильмі жарыққа шықты

Алматыда әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымовтың «Зеро-2. Қарыз» фильмі көрермен назарына ұсынылды. Драма жанрындағы бұл фильм қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Туынды авторлары фильм арқылы көпшілікке «Азарттың соңы азап» екендігін жеткізуді мақсат тұтқан. Жаңа туынды киносүйер қауымға не береді?

«Зеро - 2» фильмі, Зеро 1 -дің жалғасы. Бұл жолы қарыз мәселесіне тоқталған. Туындыда казино түбіне жеткендердің тағдыры суреттеледі. Фильм шынайы оқиғаға негізделген, Бағлан Әбдірайымовтың талай жыл лудоман болып, тақырға отырған сәтін көрсетеді.

Еске салсақ,  «Ақ пен қара» дәл осы атаумен 2019 жылы казиноға құмарлығы жайында, авторлық кітап шығарды. Тіпті соның желісімен драмалық картина таспалады.

Бағлан Әбдіраимов, әнші, продюсер:

— Әрбір адам бақытты болуға лайықты.Дәл қазір кімде қандай қиыншылық бар, қиыншылық адамды қирату үшін емес, ширату үшін екенін айтқымыз келеді. Қиындықтан кейін жеңілдік бар. Жалпы кино осы жайында. Әрбір жеңлістен кейін жеңіс бар екенін айтқым келеді.

«Зеро-2» фильмінде  Бағланның өмірінен бөлек, бірнеше лудоманның өмірін сценарийге қосқан. Шынайы оқиғаға негізделген драма ойынқұмарлардың құрдымға кеткен кезеңдерін көрсетеді. Арасында онлайн ойын ойнайтын отбасылы әйелдің картинасы да бар.Бірінші бөлімде актер Тұңғышбай Жаманқұлов түссе, екінші бөлімде Дулыға Ақмолда, Бақытжан Әлпейісов сынды топ актерлар бой көрсетті. Кинокартинаның режиссеры фильм арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғағым келді дейді.

Жандос Құсайынов, режиссер:

— Фильмде көтерілетін тақырыптар әлеуметтік тақырыптар, отбасы құндылықтарының кейбір ұшқыны бар. Қоғамда өмір сүргеннен кейін түрлі әлеуметтік таптар бар ғой, мысалға ситуация, проблема. Солардың шығу төркінін, одан кейін оның шешу жолдарын айтуға тырысқанбыз. Жалпы фильмнің мақсаты —  қандай да бір проблема  төңірегінде сауал тастау, сол сауалды бірге іздесу бәлкім жауабын табу.

Фильм Алматы облысы мен Қонаев қаласында түсірілген. Дайындық ұзақтау болғанымен, кино бар-жоғы 38 күнде аяқтапты. Бюджетіне 217 миллион теңге кеткен. Кинотуынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде