Тасқын: «Қазақстан халқына» қоры бес облыста 500 үй салып береді
«Қазақстан халқына» қоры Ақтөбенің Ырғыз ауданындағы су шайып кеткен Нұра ауылына 70 үй салып бермек. Ал Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсысында 100 үйден тұрғызылады. Қор баспана құрылысына 15 млрд теңге бөліп отыр.
Автор: Гүлвира Сейтенова
26.04.2024
София Айсағалиева, «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры:
— Бес облыста 500 үй салуды жоспарлап отырмыз. Бір қабатты, ауданы 80-82 шаршы метр үй болады. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты бес ауылда: Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті, Жетікөл мен Жаңақоныс ауылдарында ,жалпы саны 114 үй. Петропавл қаласы шетіндегі «Солнечный» тұрғын үй алабында 100 үй салынады. Қостанай облысы, Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалықта 100 үй, Ақмола облысы, Бұланды ауданында 100 үй саламыз.
Петропавлда құрылысқа дайындық басталып кеткен. Қалған өңірлерде судан қираған үйлер шалғай ауылдарда орналасқан. Ол жаққа құрылыс материалдарын апару қымбатқа түсейін деп тұр. Құрылыс компаниялары осы ретте «пайданы ойламай, халыққа көмектесуді мақсат етсе екен» дейді қор өкілдері. «Сапасына сын болмасын» деп, әр компанияға тек 20 үй салуға рұқсат берілмек. Үйді жобалауда әр өңірдің ерекшелігі ескеріледі. Ал құрылысты әр облыстағы қоғамдық кеңес мүшелері мен үй иелері бақылайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!