Алматыда жер үй өрті 200 шаршы метр аумаққа жайылды
Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты. Түс кезінде төтенше жағдайлар департаментіне Шығыс айналма жолына жақын тұрған баспананың жанып жатқаны туралы хабарлама кеп түскен. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыды.
Автор: Ақтоты Жұмабек
26.04.2024
Қызыл жалын алдымен Шоқай көшесіндегі қосалқы ғимараттың шатырынан тұтатып, кейін Орынбор көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй шатырына таралып жалын лезде шарпыған. Төтеншеліктер өртті жарты сағатта сөндірді. Ал жанған үйдің артынан 37 газ баллоны табылып, дер кезінде шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртпен күреске32 маман мен 10 техника жұмылдырылды.
Айбек Байысбеков, Азаматтық қорғау гвардиясының бастығы:
— Үйдің жанып жатқан ошағы батыс бағыттан, шығыс бағытта және де оңтүстік бағытта таралғанын байқадым. Орынбор 43 үйі, №29 үйдің артында 37 газ баллоны табылды. Жарылыс қаупінің алдын алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!