{metadescription}
Түпқараған жағажайынан 70-тен астам итбалықтардың өлексесі табылды
Түпқараған жағажайынан 70-тен астам итбалықтардың өлексесі табылды

Түпқараған жағажайынан 70-тен астам итбалықтардың өлексесі табылды

Каспийде тағы да итбалықтардың өлексесі табылды. 70-тен астам сүтқоректі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы жағажайға шығып қалған.

Теңіз жағасында мониторинг жасаған балық инспекциясы қызметкерлері 12 итбалықтың өлексесін байқап, дереу құзырлы орындарға хабарлаған. Жергілікті әкімдік пен Гидробиология және экология институтының өкілдерінен құралған жұмыс тобы өлекселер табылған жерден сынама алған. Мамандар бір күн бұрын шіри бастаған тағы 67 итбалықтың табылғанын айтады. Теңіз жануарлары қыста қырылуы мүмкін деп болжайды.

Андрей Руцкий, Маңғыстау облысы балық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:

Итбалықтардың өлексесі шіріген. Қыста қырылуы мүмкін. Және осы уақыт ішінде суда қалқып жүрген деген болжам жасалды. 23 сәуірден бастап батыстан соққан қатты желдің екпінімен жағаға шығып отыр. Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше өлекседен тиісті зерттеу жүргізу үшін ішкі ағзасының тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде