{metadescription}
Шымкентте жұртты қорқытып-үркітіп келген жалған полицейлер ұсталды
Шымкентте жұртты қорқытып-үркітіп келген жалған полицейлер ұсталды

Шымкентте жұртты қорқытып-үркітіп келген жалған полицейлер ұсталды

Шымкентте жұртты қорқытып-үркітумен айналысқан жалған полицейлер ұсталды. Өзін тәртіп сақшысымыз деп таныстырғандар кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан ақшаны бопсалап келген.

Оңай жолмен ақша тауып үйренген топты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Тінткен кезде олардан полиция қызметкері деген жалған қызметтік куәлік табылды. Ұсталғандардың бірі бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Олардың ұзақ уақыттан бері жергілікті тұрғындарды қорқытып ақша бопсалап келгені анықталды. Тергеу абақтысына қамалған үш күдіктіге қатысты бопсалау, тонау және билік өкілінің атын жамылу баптарымен іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.