{metadescription}
Ғалымдар: Қазақстан тарихы қайта жазылуы қажет
Ғалымдар: Қазақстан тарихы қайта жазылуы қажет

Ғалымдар: Қазақстан тарихы қайта жазылуы қажет

Қазақстан тарихы қайта жазылуы қажет. Алматылық ғалымдар қазақ елінің бастан кешіргенін қайта жазуға себеп болатын құнды мағлұматтардың барын айтты. Қоғам белсенділері мен сарапшылар, әлеуметтанушылар жиналған шарада тәуелсіздік алған жылдардан бастап тарихты қайта зерттеу керектігін талқылады.

Жиналғандар «Өз халқының тарихын білмеу – қасірет. Ал одан өткен қасірет– тарихты жаңылыс білу» деген ұстанымды айтып, тарихи оқиғаларды қайта зерттеуге шақырды. Жан-жақты талқылап, маңызы бар тарихи оқиғаларды қайта қарастыру қажеттігін айтты. Саясаттанушылар жыл соңына дейін осы тақырыпта он алқа жиын өткізуді жоспарлап отыр. Содан кейін сараптама жүргізіп, мақала жазып, мемлекеттік органдарға жібереді.

Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы:

Бұл шараны халықаралық әлеуметтану және саясат институты жүргізіп жатыр. Бұл шара өте маңызды. Себебі, сіздер білесіздер, президенттің бастауымен қазір Қазақстанның тарихына байланысты 7 том кітап шығарылайын деп жатыр. Бұл шараның басты маңызы 2024 жылдың соңына дейін, 16 желтоқсанға дейін жасалынып ұйымдастыралады. Шараның жалпы маңызы Қазақстанның осы уақытқа дейінгі тарихын қайта жандандырып, қайта зерттеп, халықтың арасында қоғамдық талқылауға жіберілу үшін қайта жасалынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде