{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Астанада дипломаттар 350 түп көшет отырғызды
«Таза Қазақстан»: Астанада дипломаттар 350 түп көшет отырғызды

«Таза Қазақстан»: Астанада дипломаттар 350 түп көшет отырғызды

Шетел елшілігінің өкілдері қолына күрек ұстап, Астананы көгалдандыруға өз үлесін қосты. «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында дипломаттар Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік әскери-тарихи музейі аумағында 350 түп көшет — қарағай, қарағаш пен қайың ағашын отырғызды.

Талғат Рахманберді, Байқоңыр ауданының әкімі

Бұл қаламыздың қақ ортасы. Оң жағалаудың жүрегі. Мұнда тек ағаш емес, автоматты түрде суару жүйесін де қойып жатырмыз. Себебі ағаш егу бір, оны күтіп баптау да үлкен жұмыс.

«Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» науқаны аясында 12 елшіліктің өкілдерімен қатар ерікті жастар да қатысты. Олар музей аумағына қылқан жапырақты шыршаға дейін егіп, айналаны барынша жасыл желекке айналдыруға күш салды.

Ал елорданың сол жағалауында білім басқармасы мұрындық болуымен тәлім-тәрбиеге толы «Әке үлгі, бала ұрпақ, табиғат өмір» атты өнегелі шара өтті. Таңсәріде Нұра ауданындағы аллеялардың біріне астаналық әкелер баласын ертіп, 100 түп алмұрт ағашын екті. Аталарының да қолын ұзартып қолғабыс беруге келген немерелер де болды. Ұйымдастырушылар ізгі істерге бастайтын шарапатты шара әлі де жалғасады дейді.

Қасымхан Сенғазиев, Астана білім басқармасының басшысы:

Бұл жерде үлкен тәрбиелік мағына бар. Балаларына тәрбие беріп, қаламызды көгалдандыру, қоршаған ортаға дұрыс қарау деген мақсатпен жасап жатқан іс шара.

Дәулет Мұқаев, Мәжіліс депутаты:

Бүгінгі іс-шараға ұрпақтар сабақтастығы ретінде ұлымды алып келдім, мінекей ,әкем келді. Ұлыма «Астанада ағаш егеміз» дедім,ол «ағашты қайда егеміз, одан кейін оны суарып тұру керекпін бе» деп сұрап жатыр. «Сен өскен сайын, ол да өсіп отырады, айналаны таза ұстау керекпіз» деп жатырмын. Біз де сондай тәрбиемен өстік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.