E+ Awards: Жарнама мен маркетинг үздіктері марапатталды
E+ Awards Орталық Азия шарасы осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Онда жарнамасы жұртқа жағып, өнімнің тұтынушыларын көбейткен ең мықты компаниялар анықталады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
26.04.2024
Байқауға биыл қатысушылардың саны екі есе көп болған. Сайдың тасындай іріктеліп, ақыр соңында 26-сы ғана марапатталды. Топ жарып шыққандары теледидар мен желіде желдей есіп жүрген .
Мария Мун, Noto Agency агенттігінің бас директоры:
— «Чина» кейсі — көңілді, алаңсыздық, әзіл. Қазіргі қоғамдағы нағыз ер адамның қандай болу керектігін көрсеткіміз келді. Бұл тақырыпты әзілмен қозғай отырып, бір жағынан Old Spice брендін қызықты таныстырып және бұл өнімнің қазақстандық ерлердің рөлін көрсеттік. Біз жылдың ең үздік агенттігі деп танылып, бас жүлде аламыз деп күткен жоқпыз.
Өтінімдерді іріктеп-сұрыптап мықтысын таңдаған 95 сарапшы. Әрқайсысының халықаралық нарықта тәжірибесі мол. Олар компанияның стратегиясы, аудиторияны қамтуы, қаржылық көрсеткішіне назар аударыпты.
Дмитрий Маров, Орталық Азия жарнама қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
— Нарықта жарнаманың қызықты, тиімді, позитивті шығуына жұмыс істейтіндер көп. Енді сондай мамандарды жұрт тану үшін, ең мықтыларын анықтау үшін ұйымдастырылып отыр. Мұндай байқау бүкіл әлемде бар. E+ Awards дамуға, алдыға жылжуға мүмкіндік береді. Еңбектерінің елеусіз қалмайтынына сенімді болады.
Ұйымдастырушылар жыл сайын өтетін бұл шараның жарнама мен маркетинг саласының анағұрлым жандануына септігін тигізеді деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!