{metadescription}
Петропавлда тасқынның беті қайтты
Петропавлда тасқынның беті қайтты

Петропавлда тасқынның беті қайтты

Петропавлда тасқынның беті қайтты. Соңғы екі күнде Есіл деңгейі 20 сантиметрге түскен. Ал су басқан аумақтарда жер қарайып көріне бастады.

Арнасынан тасыған Есіл де тынышталды. Өзен сағат санап кері қайтып жатыр. Бүгін 14 сантимтрге түсті деп сүйіншілейді мамандар. Тасқынның екінші толқыны соққанда осынша деңгейге көтерілген-ді. Подгора ықшамауданында су қайтқанын анық байқауға болады. Кілкіп тұрған көлшіктер тартылып барады.

Жалпы облыс орталығында екі мың үй су астында қалған еді. Көбісі құлап, тіпті тасқынмен ағып кеткен баспаналар да болды. Мамандар су басқан ғимараттардың жартысы "тұруға жарамсыз" деп отыр.

Қазір қала шетінде тасқыннан зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысы басталды. Әйтсе де құтқарушылар су толық қайтпайынша, үйге әзір жоламаңдар деп ескертіп отыр. Тәртіп сақшылары да үйлерді күні-түні бақылауға алған.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД бас маманы:

СҚО тұрғындары қазір үйіне оралуға асықпаса екен, себебі әлі де қауіп бар. Бірнеше күн бұрын ауыл тұрғыны резеңке қайықпен үйіне бармақшы болады. Бірақ қайығымен қоса толқын алып кеткен. Сол күні жел тұрған. Құтқарып қалдық. Сақ болған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде